Жапония Украинаға көмек көрсетуге уәде берді
Жапония Украинаға соғыстан кейінгі елді қалпына келтіруге ұзақ мерзімді көмек көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол Киевте жаңа жапондық сауда өкілдігінің ашылғанын және екі елдің мемлекеттік органдары мен кәсіпорындары арасында 50-ден астам ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.
Айта кетсек, Ресей Федерациясының Украина еліне жаппай басып кіру басталғаннан бері екі жылға жуық уақыт ішінде Жапония Украинаға 11 миллиард еуродан астам қаржы және гуманитарлық көмек көрсетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: