ӘлемБүгін, 12:10

Зейнетақы жасын 73-ке дейін ұзарту ұсынылды

Германияда зейнетақы жасын 73-ке дейін ұзарту ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Германияда зейнетақы жүйесі дағдарыс алдында тұр. Елдің Экономика министрлігінің жанындағы кеңес осылай деп дабыл қақты. "Бұған жол бермес үшін зейнет жасы өмір сүру ұзақтығына байланысты өзгеруге тиіс", - дейді.

Өйтпеген жағдайда 2050 жылға қарай зейнетақы төлеуге бюджеттен бөлінетін қаржы 100 млрд-тан 164 млрд еуроға дейін артуы мүмкін. Сондықтан кеңес мүшелері Германиядағы зейнет жасын 73-ке дейін ұзартуды ұсынды. 

Германия зейнет жас тоқырау

Тақырыпқа жаңалықтар