Әлем22 шілде 2024, 9:23

Зеленский: Германиядан үшінші Patriot жүйесі Украинаға жеткізілді

Зеленский Германиядан үшінші Patriot жүйесі Украинаға жеткізілгенін айтты. «Украинаға тағы бір неміс Patriot жүйесі келді», деді Владимир Зеленский бейнеүндеуінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол Германия мен АҚШ-қа әскери көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Оның айтуынша, Украинаның әуе қорғанысы күшейтілген.

Соңғы апталарда Зеленский Украинаға әуе кеңістігін жан-жақты қорғау үшін көбірек әуе қорғаныс жүйелері қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Зеленский Германия Patriot Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар