Зеленский Ресей активтерін Украинаның игілігіне жұмсауға шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей активтерін Украинаны қолдау үшін пайдалануға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей элитасы «адам өміріне немқұрай қарайды, бірақ ақшаға бейжай қарамайды, - деді Украина президенті.
Оның пайымдауынша, Ресейдің шетелде бұғатталған 300 миллиард долларға жуық активтерін Украинаның игілігіне пайдалану үшін құқықтық базаны дайындау қажет.
Владимир Зеленский бұл Ресей агрессиясына әділ әрі заңды жауап болатынын атап өтті.
Еуроодақта Ресей Федерациясы Орталық банкінің 200 миллиард еуродан астам активтері бұғатталды.
Брюссель бұл активтерден түскен қаржыны Украинаны қалпына келтіруге жұмсауды ұсынып отыр.
Мұның тетіктері талқылануда, шешімді ЕО Кеңесі қабылдауы керек.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: