Әлем9 шілде 2024, 18:00

Зеленский: Соғыста тек АҚШ, Қытай немесе ЕО делдал бола алады

Зеленскийдің айтынша, Украина мен Ресей Федерациясы арасында тек АҚШ, Қытай немесе ЕО делдал бола алады. Владимир Зеленский әлеуетті делдалдың «Ресейге әсер ететін экономикасы» болуы керек немесе Ресей Федерациясы мен Путин оған «тәуелді» болуы керек немесе оның «Путин қорқатын, күштірек армиясы болуы керек, деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ондай ел көп пе? Көп емес. Менің ойымша, АҚШ сондай... және Қытай, сосын бүкіл Еуроодақ, - деп келтіреді Зеленскийдің сөзін "Украинская правда". 

"Бұл шынымен де делдал миссия болуы мүмкін. Сондықтан біз Ресейге қысым көрсетіп, Путинді қалай тоқтатуға болатынын ұсынамыз. Ол үшін бүткіл күшті біріктіруіміз керек, өйткені ол әлсіздерді сыйламайды", деді Украина басшысы.

Зеленский делдал Соғыс АҚШ, Қытай, ЕО

Тақырыпқа жаңалықтар