Зеленский: Украинада 400-ден астам елдімекен жарықсыз қалды
Украинада 400-ден астам елдімекен жарықсыз қалды деп мәлімдеді ел президенті Зеленский, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қолайсыз ауа райы тек Қырымға ғана емес, Украинаның материгіне де әсер етті.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, елде Одесса, Николаев, Кировоград, Черкассы және Киевті қоса алғанда, жедел штабтар жұмыс істей бастаған он облыстағы 400-ге жуық елдімекенмен байланыс үзілген.
Сондай-ақ қалың қар жауғаны хабарланды.
"Ауа райы қолайсыз аймақтардағы Украинаның барлық азаматтарын сұраймын: мүмкіндігінше абай болыңыздар. Қажет болса, Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметіне, Ұлттық полицияға және басқа да мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарға хабарласыңыз", - деп атап өтті Зеленский видеосында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: