Жерар Депардье Францияның ең жоғары атағынан айырылуы мүмкін
Жерар Депардье Францияның ең жоғары атағынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құрмет легионының кеңесі актерге сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыптауларға, сондай-ақ оның әйелдерге қатысты сексистік пікірлеріне байланысты Депардьенің мүшелігін тоқтату немесе оны толығымен жою туралы шешім қабылдамақшы.
Бұл туралы Францияның Мәдениет министрі Рима Абдул-Малак мәлімдеді.
Ол актердің әйелдерге қатысты әрекетін «Франция үшін масқара» деп атады.
Бұған дейін бірнеше әйел актерді сексуалдық зорлық жасады деп айыптаған.
Сонымен қатар француз телеарнасында актер туралы деректі фильм көрсетілді.
Онда Депардье әйелдерге, оның ішінде он жасар қызға қатысты әдепсіз әзілдер айтады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: