Жұмысшылар үй астынан 15 адамның сүйегін тапты
Германияның батысындағы жұмысшылар үй астынан 15 адамның қаңқасын тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Липпетал шағын қалашығында болған.
Құрылысшылар тұрғын үйді бұзып жатқан кезде іргетасының астынан 15 адамның сүйегін тапты.
Полиция тергеп-тексеруді бастады.
Бастапқы бағалау бойынша, тергеушілер адам қаңқалары кем дегенде 40-50 жыл жерде жатқан деп есептейді.
Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: