Қазақстан жаңалықтары19 желтоқсан 2023, 5:16

1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аудара бастайды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарнасын аудара бастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол 2024-2028 жылдар аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен өсуге тиіс. Осылайша зейнетке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі.

Бұл шара әсіресе жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған.

Олардың зейнетақысы аударымына тікелей байланысты болады.

Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударым есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы — жұмыс берушілердің жарнасы есебінен құралады.

ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.

Осылайша әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.

Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу шығыны елеусіз деңгейде қалатынын атап өту қажет.

жұмыс беруші зейнетақы жарнасы өз есебі қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар