Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2025, 16:45

“11-і бала”: Астанадағы дәмханада 20 адам астан уланды

Астанадағы дәмханада 20 адам астан уланып, дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 16 сәуірде болған. Қызметкерлер тексеріліп, зертханалық зерттеулер тағайындалды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ДДСҰ) баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Көктем» мейрамханасында тамақтанған 20 адам өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Тоғыз пациент тексерістерден кейін, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні барлық ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауыр екен.

Астана, адам, уланды, мейрамхана

Тақырыпқа жаңалықтар