16 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оңтүстік циклонның және атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа-райының тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Оңтүстік-батыс өңірде қатты жаңбыр жауады.
Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы 5-10м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы 3-8м/с-ге жетуі мүмкін.
Шымкентте күн ашық, аптап ыстық күтіледі. Күндіз ауа температурасы +39+41°C, желдің жылдамдығы 3-8м/с.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: