Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің асханасында санитариялық талаптардың бұзылуына байланысты жұмыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мәліметінше, асхана қызметкерлерінің төртеуінен Staphylococcus aureus бактериясын тасымалдаушылық анықталған. Олар уақытша жұмыстан шеттетілді.
Жалпы, ауруханаға жатқызылған 58 науқастың барлығы емделіп, қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Қазіргі уақытта ауру өршуі оқшауланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: