18 жастағы жігіт жолдасын пышақтап өлтірді
Қостанайда таңертең екі жігіт төбелесіп, біреуі жан тапсырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қостанай облысы полиция департаменті аталмыш акпарды растады.
— Досжанов көшесіндегі ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында болған жанжалда 18 жастағы жігіт 22 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен. Алған жарақатына байланысты ер адам оқиға орнында көз жұмды, — деп жауап берді полицияның баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: