20 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мамандар 20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс пен солтүстік-батыста найзағай, жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте — шаңды дауылдар болжанады.
Астана: ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +8…10 °C, күндіз +22…24 °C.
Алматы: ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +9…11 °C, күндіз +22…24 °C.
Шымкент: ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +12…14 °C, күндіз +29…31 °C.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: