Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2023, 15:08

20 млн: Ақмола облысында туған балаға 2 млн теңгенің сертификаты берілді

Ақмола облысының Бурабай ауданында еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аймақ басшысы перзентханаға барып, сәбидің ата-анасын құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сәби Динара мен Айдар Исеновтар отбасында дүниеге келген.

Дәрігерлердің айтуынша, ананың жүктілігі қалыпты өткен, қазіргі уақытта нәресте мен ананың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ел Президентінің атынан отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтады.

Жаңа туған сәбидің ата-анасы қуанышына ортақтасқан облыс басшылығына алғысын білдірді.

"Біздің отбасымыз үшін бұл күтпеген және өте қуанышты күн! Бұл біздің екінші баламыз! Баршаңызға бейбіт аспан тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыздың бақытты отбасында және бейбіт мемлекетте өсуіне ықпал етеміз", - деді отағасы Айдар Исенов.

Қазіргі уақытта ана сәбиімен бірге «Авиценна – Бурабай» ЖШС ана мен бала бөлімшесінде жатыр.

Облыста 10 айда 9604 бала дүниеге келді.

20 млн Ақмола облысы сертификат

Тақырыпқа жаңалықтар