24 мамырда ауа райы қандай болады?
Мамандар 24 мамырда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Arbat.meda.
Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз термометр +15+17, түнде +8+10 көрсетеді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Күндіз +25+27, түнде +14+16.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +28+30, түнде +11+13 градус жылы болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: