«36 млн теңге жымқырған»: Қызылорда облысында мектеп есепшісі сотталды

Қызылорда облысында мектеп есепшісі сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жаңақорған ауданында мектеп есепшісі 36 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды.

Ол екі жыл бойы қызметкерлердің жалақысынан үнемделген қаражатты өз шотына заңсыз аударып, ақшаны букмекерлік кеңселерге жұмсаған.

Қылмыстық әрекетті Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтады. Сот оны Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

облыс Қызылорда Есепші сот

Тақырыпқа жаңалықтар