49 жастағы әйел бухгалтерлік қызмет атын жамылып қылмысқа барды
Астанада бухгалтерлік қызмет атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Елорда полицейлері 49 жастағы әйелді алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.
Ведомстволық басылымның мәліметінше, ол жұмыс берушімен бухгалтерлік қызмет көрсетуге келісімшарт жасасып, ешқандай міндетін орындамаған.
Бұл дерек Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әшкереленді. Мәліметке сүйенсек, күдікті қашықтан бухгалтер қызметін ұсынып отырған. Жеке кәсіпкермен ірі көлемдегі ақша қаражатын аудару мәселесі бойынша келісім жасаған соң, ол ақшаның бір бөлігін өзіне иемденіп кеткен.
Материалдық шығын – 12 млн теңге.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: