«600 мың теңгенің торты»: Сот істі кондитердің пайдасына шешті
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты кондитер Н.Ақбергенованың талап арызы бойынша блогер Ә.Батырға қатысты істі қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот талқылауы барысында жауапкердің торттың құнын 300 000 теңге мөлшерінде деп мойындағаны, 100 000 теңге алдын ала төлем жасағаны ескеріліп, сот талап қоюшының пайдасына 200 000 теңге өндіруге шешім шығарды. Сондай-ақ 100 000 теңге мөлшерінде өтемақы өндіру белгіленді.
Айта кетейік, дау 2025 жылдың тамызында басталған. Алматылық кондитер Н.Ақбергенова блогер Ә.Батырдың тапсырысы бойынша 18 келілік торт әзірлегенін және оның құнын 600 мың теңге деп бағалағанын айтқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: