“84 жаста”: қарияларды аяусыз соққыға жығып, киімсіз қалдырған қызметкер сотталды

Павлодар облысында қарт адамдарды ұрып-соққан пансионат қызметкері сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақсу қаласында «Қамкор» әлеуметтік қызметтер орталығындағы қарияларға қатігездік танытқан қызметкерге сот үкімі шықты.

Пансионат қызметкері жүйелі түрде қарияларға физикалық күш қолданған және оларды сырт киімсіз далаға шығарып жіберген.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Түрме, сот, қария

Тақырыпқа жаңалықтар