Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2025, 17:37

9 жыл іздеуде жүрген қылмыскер табылды

Өскемен әуежайында тоғыз жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді.

38 жастағы қазақстандық 5 млн теңгеге жуық алаяқтық жасады деп күдікке ілінген. Ол 2016 жылдан бері іздеуде жүрген еді.

«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ер адам алдау арқылы ақша ұрлады деген күдікке ілініп, іздестірілді. 9 жыл бойы ер адам тұрғылықты мекен-жайын ауыстырып, қоғамдық орындардан тасада өмір сүрген», – деп хабарлады ведомство.

Бала Өскемен Қылмыс Шерзат, сотталушы, күдікті, Қаржаубай
Кеше, 15:19 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:26 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар