Абай облысында ауладағы балаларды қаққан ер адамның эпилепсия ұстамасы жиі ұстап қалатын болған

Абай облысында 55 жастағы жүргізушінің 6 баланы қағып кетуіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сотта ер адамға эпилепсия диагнозы қойылғаны белгілі болды. Ол "Д" санаты бойынша есепте тұрған. Аталған санат ұстамасы жиі ұстап қалатын адамдарға тағайындалады. Сот күдіктінің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Кейін жүргізуші аурудан айыққанын дәлелдей алса және оны сараптама растаса, шешім қайта қаралуы мүмкін. Ондай болмаған жағдайда күдікті жүргізуші куәлігінен айырылады.

Абай Үржар Қылмыс сот
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар