Қазақстан жаңалықтары15 ақпан 2024, 9:23

Абай облысында полиция жолда бөгелген 500 автокөлікті бастап жүрді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың автожолдарында күрделі жағдай туындады. Полиция бекеттері қойылды, полицейлер мен жол қызметтері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Көлік қозғалысы шектелді, осыған байланысты кейбір учаскелерде кептеліс туындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Омбы - Майқапшағай тасжолында полиция мен арнайы техника қызметкерлерінің сүйемелдеуімен облыс орталығы бағытына шығу үшін біржолғы рұқсаттама күтіп, автокөлік бағанасы бірнеше шақырымға созылды. 500-ден астам жүргізуші рұқсатты күтті, оның 232 жүк көлігі болса, 338-і - жеңіл автокөлік.

Полицейлер жүргізушілерге көмектесіп, оларға ыстық шай ұсынды.

Тәртіп сақшылары колоннадағы жүргізушілерді айналып өтіп, сусын таратты.

Бірнеше сағаттан кейін колонна Семей қаласына аман-есен жетті.

Абай облысы полиция Кептеліс көліктер

Тақырыпқа жаңалықтар