Адвокат алаяқтық жасағаны және пара беруге арандатқаны үшін сотталды
Павлодарда адвокат алаяқтық жасап, лауазымды тұлғаларға пара беруге арандатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты сенімге кіре отырып қызметін теріс пайдаланған.
«Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде сенімгерден 6 100 000 теңге шамасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын алып, өз қалауы бойынша жұмсаған», деп хабарлады Бас прокуратура.
Авокаттың кінәсі дәлелденді. Ол 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және подполковник арнайы атағынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: