Қазақстан жаңалықтары26 қараша 2023, 21:36

Әке-шешесі ұрған 7 жасар қыз ауруханаға түсіп, үйіне қайтқысы жоқ

Астанада жеті жасар жеткіншек үйінде таяқ жеп, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл хабарды ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook желісінде жеткізді. 

Оның айтуынша, кеше тез арада балалар ауруханасына баруға мәжбүр болған. 

«Қыз баланы ата-анасы ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып келген. Қазір 7 жасар қыз ем алып жатыр. Ол "үйге қайтпай-ақ қойсам бола ма?“ деп сұрады», — дейді Динара Зәкиева. 

Қыздың денесіндегі жарақатты мектеп мұғалімдері байқап, тез кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторды шақырған. 

Отбасында тағы 6 бала бар. 

Астана қыз Жарақат Динара Зәкиева

Тақырыпқа жаңалықтар