Әл-Фарабидегі жол апаты: Үш адамның өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша алғашқы сот отырысы 28 мамырда өтеді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның айтуынша, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Сот отырысы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Еске сала кетейік, жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Zeekr көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Алматы Апат Жол оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар