Алакөл жағалауын нығайтуға 30 млрд теңге бөлінеді
Алакөл жағалауын нығайту жұмыстарына 2027 жылы шамамен 30 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Құрылыс келесі жылы басталмақ. Алайда бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуы, жобалардың сапасы мен мердігерлердің жұмысы қатаң бақылауда болуы керек, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова 24KZ телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Депутаттың сөзінше, Алакөл – жыл сайын шамамен 4 млн адамға қызмет көрсететін ірі туристік аймақ. Сондықтан оның инфрақұрылымын жақсарту маңызды. Курорттағы басты мәселелердің бірі – жағалауды толқын шайып, жыл сайын бүлдіруі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: