Алатау қаласына арнаулы мәртебе берілді
Алатау қаласына арнаулы мәртебе берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. «Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берілсін», - делінген Жарлықта.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс деп атап өтті.
«Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру», - деді Жолдауында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: