Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 13:23

Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады

Биыл елімізде 850 шақырымнан астам жол салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Елордада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті.

«Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Батыстан Шығысқа баратын негізгі жолдар біздің еліміз арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент сапалы жол ел экономикасының күретамыры екенін қадап айтты.

«Біз авто және темір жол желілерін тұрақты дамытып келеміз. Биыл 850 шақырымнан астам жол салдық. Алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Теміржол Қазақстан 1300 шақырым

Тақырыпқа жаңалықтар