Алматы облысында адамның мәйіті табылды
Алматы облысында теміржол рельсінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға «Қайрат – Байсерке» аралығында болған. Жүк пойызы белгісіз біреудің рельсте болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған.
«Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды», - деп мәлімдеді компания.
Оқиға орнында полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Мұнайлыда табылған тастанды сәби туралы тың дерек шыққан еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: