Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған.

Желіде тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы тарады.

Видеодан ұшақтың тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғанын көруге болады.

Көлік министрлігі авиациялық оқиға болғанын растады. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.

Алматы облыс Апат Ұшақ

Тақырыпқа жаңалықтар