Алматы облысындағы ұн шығаратын зауытта жойқын жарылыс болды

Алматы облысындағы ұн шығаратын зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ұн шығаратын зауытта болған жарылыстан төрт адам зардап шекті. Олар ауыр күйікпен аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 100 маман мен 51 техника жұмылдырылып, бес сағатта ауыздықталған.

Зардап шеккендердің туыстары науқастардың жағдайы туралы ақпарат ала алмай отыр. Жараланғандардың бірі — электрик, үшеуі — цех шеберлері.

Зауыт басшылығы барлық материалдық көмекті көрсетеміз деп уәде етті. Ал оқиғаның нақты себебі анықталу үстінде. Қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облыс өңір Зауыт

Тақырыпқа жаңалықтар