Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары6 қыркүйек 2024, 12:00

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Қазақстан мен Норвегия арасындағы Ұлттар лигасы матчы қарсаңында Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимге көшті. Полицейлер орталық стадион мен оған шектес аумақта тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев, Байзақов, Құрманғазы көшелерінде жол қозғалысы жартылай шектелетінін хабарлаймыз. Осыған орай, азаматтарды алдын ала бағдарын реттеп, көліктерін тек арнайы белгіленген орындарға қойып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз. Сонымен қатар футбол матчына билеттерді алаяқтардан сақтану мақсатында тек ресми сауда орындарынан сатып алу керектігін еске саламыз», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Алматы полиция күшейтілген режим

Тақырыпқа жаңалықтар