Алматыда 3 күн алдын тұтанған өрт әлі тоқтамады

Алматыда үш күннен бері қоқыс полигоны өртеніп жатыр. ТЖМ өртті сөндірудегі негізгі қиындық 10 метрге дейінгі ошақтар мен құбылмалы жел екенін атап өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өрт Алатау қаласы Әли ауылының маңында басталған.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында штаб құрылып, 200-ден астам адам мен 90 техника жұмылдырылған. Тіпті өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалаларының, Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының ТЖМ күштері, сондай-ақ екі әскери бөлімнің әскери қызметшілері тартылды.

Өрт аумағын сөндіру үшін Тереңқара өзенінен су үздіксіз жеткізіліліп отыр. Ол үшін магистральдық сызығы бар арнайы сорғы машинасы да қолданылуда.

 

Алматы Өрт Алатау Қала

Тақырыпқа жаңалықтар