Алматыда әлемдегі ең үлкен түйе керуені өтті
Бүгін Іле ауданының Күрті ауылдық округінде тарихи оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Гиннес рекорды жобасы аясында Қазақстан алғаш рет әлемдік рекорд орнатпақ.
1000 түйеден құралған керуен 1 шақырым жолды жүріп өтіп, бұған дейін Қытайда тіркелген 365 түйелік көрсеткішті үш есеге асып түсті.
«Мұндай ауқымды түйе керуенін алғаш рет көріп отырмын. Бұл – әлемдік қазына», – деп бағалады Гиннес рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: