Алматыда аудан әкімдері жазаланды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада асфальттар опырылып, граниттер мен жабын тастарды (брусчатка) шешіп алу оқиғалары шу болып жатқан тұста аудан әкімдері мен қызметкерлерге сөгіс жариялады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп мәлемет таратады Arbat.Media.

17 қыркүйекте қаладағы қалың жауыннан соң асфальттар опырылып, су ағатын арықтар толып қалған еді. Осыған байланысты қала әкімі Сатыбалды Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевке қатаң сөгіс берді.

Бостандық ауданындағы траншеяларды су шайып, әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі плиталарды негізсіз ауыстыру фактілеріне байланысты аудан әкімінің орынбасары қызметінен алынды. Қала басшылығы Бостандық ауданы әкімі әлі тағайындалмағандықтан, орынбасары жазаланғанын меңзеді.

Сондай-ақ Медеу ауданы Уәлиханов бульварындағы жабын тастарды "заңсыз шешіп алып, плиткаларды жеке үйге жеткізу оқиғасына" байланысты Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалинге де сөгіс жарияланды.

Әкімдік жабын тастар мен плиткаларды алу оқиғалары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Үлкен Алматы өзенінің арнасын жөндеп, іргелес аумақтарды абаттандырып жатқан "Павлодар өзен порты" жұмысы да тексерілмеді дейді қала басшылығы.

Алматы Әкім Сөгіс жариялады

Тақырыпқа жаңалықтар