Қазақстан жаңалықтары6 желтоқсан 2023, 11:16

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 15 млрд бөлінген

Биыл Алматыда әлеуметтік нан қымбаттаған жоқ, жыл соңына дейін нан бағасы өспейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты.

«Қазір нанның бір бөлкесі 100 теңгеден аспайды,бірақ, әр өндірушінің өз тұжырымы бар. Бізде нан бағасының ары қарай өсуіне жол бермеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қаланың ұн тарту кәсіпорындарына 9,4 мың тонна астық жеткізу пысықталды. Бұл тұрақты бағаны сақтап, оны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді спикер журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 млрд теңге бөлінгенін атап өтті

«Бұл қаражаттың 70% - ы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілерге бөлінеді, олар біздің солтүстік өңірлеріміз - Қарағанды, Павлодар облыстары. Бұл картоп пен сәбізге қатысты, ал пияз бен қырыққабат бойынша оңтүстік өңірлер - Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарымен жұмыс істейміз. Жұмыртқа, сиыр еті, күріш бойынша да мердігерлермен шарттар жасалды. Біз олармен бағаны ұзақ мерзімге бекітеміз. Тиісінше, бізде қараша айында азық-түлік инфляциясы төмендеп, оның қарқыны баяулады", - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Алматы Азық-түлік бюджет Нан бағасы

Тақырыпқа жаңалықтар