Алматыда балалар үйінің асханасында өрт шықты
Кеше, 9 қарашада Алматыда балалар үйінің асханасында өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқиға Алтын Орда көшесіндегі «Перзент» балалар үйінде болған. Өрт асханадан басталған.
Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар мен қызметкерлер дереу эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің дер кезінде жетіп, жалынды сөндіру жұмыстарын бір сағаттан аса уақыт бойы жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: