Алматыда бар жұмысшысын өзінің экс- бастығы зорлады
Қаладағы барлардың бірінің жұмысшысын өзінің бұрынғы бастығы зорлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция хабарлағандай, 29 жастағы күдікті ұсталды. Алматының полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде болған оқиға туралы білгендерін хабарлады.
«Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», деп түсіндірді полиция.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: