Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше,

циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар республиканың батысынан бастап, солтүстігі мен орталық-шығысында жаңбыр мен найзағай, кей жерде бұршақ жаууына себеп болады.

Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасының күрт өзгеретінін ескертеді. Өңірлер бойынша болжам мынадай:

 

  • Батыс Қазақстан – +22…+30°С-тан +30…+37°С-қа дейін ыстық күтіледі
  • Солтүстік-батыс – +20…+30°С, кейін +23…+33°С-қа дейін жоғарылайды
  • Солтүстік өңірлер – +18…+28°С
  • Шығыс және орталық аймақтар – +23…+38°С, кейін +20…+33°С-қа дейін төмендейді
  • Оңтүстік – +25…+35°С-тен +29…+37°С-қа дейін
  • Оңтүстік-шығыс – +30…+39°С аралығында қапырық ыстық сақталады.

 

«6-7 маусым күндері Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері артады. Батыста, солтүстікте және шығыста найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы ықтимал. Жергілікті әкімдіктер мен ТЖ қызметтерінің ескертулеріне назар аударыңыз», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Демалыс Ауа райы болжам

Тақырыпқа жаңалықтар