Алматыда дау болған «Бағанашыл» балалар үйі ақыры бұзылып жатыр

Мұны тұрғындар хабарлады. Айтуларынша, мекеме аумағындағы бір ғимарат сүрілген, ал екіншісінің терезелері сынған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал білім басқармасы 2025 жылы 13 қазанда "Integra Construction" мен құрылыс басқармасы жаңа нысан бойынша меморандум жасағанын хабарлады.

Тексеріс нәтижесінде ғимараттарды сейсмикалық тұрғыдан күшейту мүмкін емес екені анықталды. Сондықтан оларды бұзу туралы шешім қабылданды. Қазір бұл ғимараттарды демонтаждау жұмыстары толық аяқталыпты.

Ал әкімдік мәліметінше, балалар Алматыда қалған. Олар өткен жылдың тамыз айында арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына көшірілген. Қазір де сол жерде тұрып жатыр.

Бұған дейін Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа еркінен тыс көшірілетіні айтылған еді. Қоғам белсендісі Аружан Саин бұл әрекеттің заңға қайшы екенін айтты. Кейін Тоқаев балалардың көшірілмейтінін мәлімдеді.

Алматы Балалар үйі сүріледі жөндеу

Тақырыпқа жаңалықтар