Новости: жөндеу

жөндеу - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жөндеу】 жаңалықтар Arbat media
Еліміздегі 167 ветеринария зертханалары мен пункт жөндеуді қажет етеді
2 қараша 2024 / Новости Казахстана

Еліміздегі 167 ветеринария зертханалары мен пункт жөндеуді қажет етеді

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған тұрақты және барлық жерде дамыған ветеринария жүйесін құру тәсілдері іс жүзінде соңғы жылдары басталған ветеринария жүйесін реформалаудың жалғасы саналады. Екі негізгі құрамдас бөлікке негізделген – БАБЖ және АЖС цифрлық жүйелері арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын толық сәйкестендіру және жергілікті жерлердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылау. 

Өзбекстанда 4 мың шақырым жол ретке келтіріледі
18 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстанда 4 мың шақырым жол ретке келтіріледі

Өзбекстан президенті республикадағы 4 мың шақырым жолды ретке келтірмек. Мирзиеев халықаралық жолдардың жағдайы республиканың сыртқы саудасы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Өзбекстан президенті елдегі халықаралық жолдардың 4 мың шақырымын жаңғыртуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жол инфрақұрылымын дамытудың тұсаукесерінде ол Әндіжанды Кунградпен және Термезді Ташкентпен байланыстыратын бағыттарды жоғары сапа стандарттарына жеткізудің маңыздылығын атап өтті. 

Қашаған кен орнында жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады
7 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қашаған кен орнында жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады

Атырау облысында орналасқан Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады. Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнай кенішінің акционерлерінен жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыруды сұрады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Құлсары-Доссор жолының су тасқынынан бүлінген бөлігі әлі жөнделмеген
5 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Құлсары-Доссор жолының су тасқынынан бүлінген бөлігі әлі жөнделмеген

Көктемде Құлсары қаласынан Мақат ауданындағы Доссор кентіне дейін қатынайтын жолдың бір бөлігін тасқын су басқан еді. Кейін уақытша қалпына келтірілгенмен, жол бөлігіне орташа жөндеу жүргізу әлі басталған жоқ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Аслан Дүйсеновтің мәліметінше, Жыл ауданының орталығы – Құлсары қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кентінің аралығын жалғайтын жолдың бүлінген тұстары анықталған. 

Еімізде ескі лифттер жаңартылады
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Еімізде ескі лифттер жаңартылады

Елімізде ескі лифттер жаңасына ауыстырылатын болады. Жауапты министрлік бұл жұмысты келер жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлерде тозығы жетіп қалт құлт еткен лифт көп.  Адам өміріне қауіп төндіретін жеделсаты мәселесі бұдан былай шешілетін сияқты.  Ол үшін арнайы тексеріс жүріп, қолдану мерзімі 25 жылдан асқан, техникалық талапқа сай келмейтін жеделсатылар түгел жаңаланбақ. Техникалық регламентті сақтап, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жеделсатылар егжей-тегжейлі тексеріледі. 

Биыл 2000 шақырымнан астам су құбыры жөнделіп, жаңадан салынады
24 шілде 2024 / Новости Казахстана

Биыл 2000 шақырымнан астам су құбыры жөнделіп, жаңадан салынады

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырын салу және реконструкция бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстың нәтижесінде 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады. Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр. 

Үкімет: Жылу орталығын жөндемегендер қатаң жазаланады
26 маусым 2024 / Новости Казахстана

Үкімет: Жылу орталығын жөндемегендер қатаң жазаланады

Жыл басынан бері жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарына 18 рет өзгеріс енгізіліпті. Жаздың бір айы зу етіп шыққанымен, кей қалада қазандықтар ауыстырылмақ түгілі, әлі қым-қуыт тірлігі де басталмаған. 

Алматы әуежайының ескі ғимаратындағы жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады
25 маусым 2024 / Новости Казахстана

Алматы әуежайының ескі ғимаратындағы жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады

Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында баспасөз туры ұйымдастырылып, мекеменің жаңа басшысы Гокер Косе әуежайдың ескі және жаңа терминалдары жоспарын бөлісті. Жаңа жолаушылар терминалына 220 миллион доллардан астам инвестиция салынған. Сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай салынған халықаралық терминал 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Әуежайдың жалпы ауданы – 53,5 мың шаршы метр. 

Алматыда Құрманғазы көшесі екі айға жабылады
15 маусым 2024 / Новости Казахстана

Алматыда Құрманғазы көшесі екі айға жабылады

Алматыда Құрманғазы көшесіндегі көлік қозғалысы екі айға шектеледі. «Алматы жылу желілері» мекемесінен мәлім еткендей, 17 маусым мен 17 тамыз аралығында Медеу ауданындағы Құрманғазы көшесі бойымен Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады.