Қазақстан жаңалықтары8 қараша 2023, 12:10

Алматыда эпилепсиясы бар науқасқа алғаш рет күрделі ота жасалды — эпилептоген

Алматыда эпилепсиясы бар науқасқа алғаш рет күрделі ота жасалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы орталық клиникалық аурухана нейрохирургтары алғаш рет фармакорезистенттік эпилепсиясы бар науқасқа өте күрделі ота жасады, яғни медицина терминімен айтқанда, бұл самай тұсындағы резекциясымен сол жақ амигдалохиппокампэктомия деп аталады.

ФОТО: Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

ФОТО: Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

20 жасынан аталмыш аурумен ауырған науқасқа соңғы кездері ұстамаға қарсы препараттар көмектеспей, жағдайы ушыққаны соншалық, ұстамасы тоқтаусыз қайталана берген.

Дәрігерлер тексеру жүргізіп, оның миының самай жақ бөлігінен белсенді эпилептиформды анықтаған. 

Нейрохирургия бөлімішесінің меңгерушісі Марат Алматов новосібірлік нейрохирург Александр Дмитриевпен бірлесе отырып, шеберлік сыныбы аясында, нейронавигация және ми қыртысын тікелей жазу арқылы науқасқа өте күрделі ота жасады.

"Ені 3*3 см болатын үлкен эпилептогенді ошақты алып тастадық. Ота сәтті өтті. Енді эпилепсия ұстамасы болмайды. Ота науқастың өмір сүру сапасын жақсартады деп үміттенеміз», - дейді Марат Алматов.

Алматовтың айтуынша, мұндай операция жасау үшін тәукелге бел буасың, үлкен жауапкершілік жүктеледі және асқан сақтықпен жасау қажет.

Айта кету керек, аталмыш ауру толық зерттелмеген, эпилепсия туа біткен болуы да мүмкін, ми құрылымындағы өзгерістерге негізделуі де мүмкін немесе кез келген бас-ми жарақатынан соң пайда болуы мүмкін.

Аталған ота науқасқа МӘМС шеңберінде жасалды.

Алматы нейрохиргия күрделі ота

Тақырыпқа жаңалықтар