Алматыда пойыз үстіне шыққан жасөспірім тоққа түсіп қалды

Алматыда пойыз үстіне шыққан жасөспірім тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға бүгін сағат 18:55 шамасында Алматы-2 станциясында болған. «Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, 15 жастағы жасөспірім вагонның үстіне шығып, жоғары кернеулі токқа түсіп қалған. Салдарынан денесін күйік шалды.

Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадасы алғашқы көмек көрсетті.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Астана жігіт ток соқты

Тақырыпқа жаңалықтар