Алматыда салынатын LRT қай бағытта жүреді?

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жолаушылар көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаевмәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазір LRT желісінің техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Алматыда салынатын алғашқы LRT желісі Төле би көшесі арқылы өтіп, Абылай хан даңғылы бойымен Алматы-2 вокзалына дейін барады. Сондай-ақ желі Момышұлы көшесі арқылы Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейін созылады. Алғашқы желінің ұзындығы 18,3 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар биыл №96 және №130 жаңа автобус бағыттары ашылса, алдағы уақытта «Әуезов-сити» шағынауданында жаңа маршрут іске қосылады. Веложолдар желісі кеңейтіліп, ақылы автотұрақ орындары көбейеді.

Алматы Жол Әкімдік Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар