Алматыда такси жүргізушісін «тапаншамен» қорқытқан

Алматыда такси жүргізушісін «тапаншамен» қорқытқан жолаушы жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Солтүстік айналма жолында полиция экипажына «Kia» көлігі келіп тоқтаған.

Көлікті тізгіндеген шетелдік тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Полиция мәліметінше, көліктің артында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.

Полицейлер дереу көлікті қоршап, күдіктіні ұстады.

Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды.

Күдіктіні ұстау кезінде өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, таксимен соқтығысқан.

Алматы Тапанша жүргізуші такси

Тақырыпқа жаңалықтар