Алматыда жасөспірім ауладағы баланы көтеріп лақтырып жіберген
Алматыда аутизм диагнозы бар жасөспірім 2 жастағы баланы көтеріп, жерге лақтырып жіберген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Салдарынан бүлдіршіннің қолы сынған. Анасы баласымен аулада жүрген кезде, 13 жастағы бейтаныс бала келіп, еш себепсіз осындай әрекетке істеген.
Полицияға арыз жазса да,
кәмелетке толмаған балаға іс қозғай алмайтынын айтып, өтінішті қабылдамаған. Ал жасөспірімнің ата-анасы ем-дом мен келген залалды өтеуден бас тартып отыр.
Алайда Алматы қалалық ПД мәліметінше, оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
«Қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін арнайы шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: