Қазақстан жаңалықтары19 наурыз 2024, 16:34

Алматыда жедел жәрдем бригадасы қоқыс арасынан бала тауып алды

Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды. Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", - делінген Elitar.kz парақшасына жарияланған жазбада, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған.

Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды.

Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Алматы қоқыс бала жедел жәрдем

Тақырыпқа жаңалықтар