Қазақстан жаңалықтары5 наурыз 2024, 8:34

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектеп қабырғаларында жарықтар пайда болды

Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан кейбір мектептердің қабырғаларында жарықтар пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы мәлім етті деп жазады Kazinform агенттігі.

Басқарма мәліметінше, негізінен жарықтар әрлеу материалдарында пайда болған, ол салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.

«ТЖД, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жедел штаб қаладағы ғимараттарға айтарлықтай зиян келмегенін жетікізді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Алматы Жер сілкінісі мектептер жарықшақтар

Тақырыпқа жаңалықтар