Алматыда жуырда ғана ашылған Сайран жағалауына 18 жастағы жігіт батып кетті

Алматыда 18 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін сағат 17:30 шамасында полицияға батыс жағалауда баланың суға батып кеткені туралы хабар түскен. Полиция келіп, Сайран жағалауында оқиға орнын қоршауға алған. Ол жерде кезекші прокурор мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Суда екі кәмелетке толмаған баланың болғаны анықталды. Олардың бірі өздігінен жағаға шыққан, ал екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеуде. 

Алматы сайран жағалау Бала

Тақырыпқа жаңалықтар